Негізгі Жаңалықтар ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

Зорлық-зомбылыққа жол жоқ! ІІМ Әкімшілік полиция комитеті отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы үш күндік онлайн-акция өткізеді. Егер сіз отбасындағы зорлық-зомбылыққа тап болсаңыз немесе сондай жағдайдың куәсі болсаңыз, өз сұрағыңызды қойып, ұсыныс-пікіріңізді жаза аласыз.


Пікір алмасу алаңы 11-13 тамыз аралығында Әкімшілік полиция комитетінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында ұйымдастырылады. Комитеттің мәлімдеуінше, барлық өтініштер міндетті түрде қаралады. Отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшелерінің қызметкерлері кеңес береді. Қажет болған жағдайда көрсетілген мекенжайға барып, көмек көрсетеді. Бұл алаң барлық азаматтарға ашық.


Бөлісу