Негізгі Жаңалықтар ЖСДП ШАНИН ТЕАТРЫНДА

ЖСДП ШАНИН ТЕАТРЫНДА

Өнер адамы материалдық жағдайға алаңдамауы керек. Сонда ғана жан-тәнімен еңбек етіп, жаңа туындыны биігінде көрерменге тарту етеді. ЖСДП өкілдері Ж. Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрына арнайы барды. Сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, өнер ұжымымен еркін форматта тілдесті.

 Кездесуде «Прогресс жолындағы 20 белес» – әділ әрі ілгері өзгерістер туралы бағдарламасын таныстырды. Аталған бағдарламада мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігі, экономикалық тиімділік және технологиялық даму қамтылған. Сонымен қатар партияның өнер адамдарына деген көзқарасы мен ұстанымын жариялады. Мәдениет саласына деген оң көзқарасын білдірді.

ҚУАНДЫҚ НҰРЖАУ, ЖСДП ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ
 Мәдениет қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайы тек саланың ішкі мәселесі емес, ол мемлекеттің көзқарасының көрсеткіші. Театр қызметкерлері сахнадағы тіршілікпен ғана шектелмейді. Олар ұлттық өнерді сақтайды.




Бөлісу