АҚ ХАЛАТТЫЛАРДЫҢ ҰСЫНЫСЫ
Бүгін Қазақстан Халық партиясының өкілдері №2 қалалық аурухана ұжымымен кездесті. Медицина қызметкерлеріне партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, денсаулық сақтау саласына қатысты бірқатар мәселені талқылады.
Кездесу ашық форматта өтті. Басқосу барысында медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайы сөз болды. Партия өкілдерінің айтуынша, сапалы қызмет көрсету ең алдымен білікті маман мен қолайлы еңбек жайына тікелей байланысты. Сондықтан ақ халаттылардың әлеуметтік қорғалуын күшейтіп, олардың кәсіби еңбегін лайықты бағалау – маңызды міндеттердің бірі. Жиында аурухана ұжымы да өз ұсыныстарын айтты. Қатысушылар саладағы өзекті мәселелер бойынша пікір білдіріп, партия өкілдеріне сауалдарын жолдады.
ЛӘЗЗАТ АҚТАЕВА, ҚХП ПАРТИЯСЫНАН ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ
Біз бүгін үгіт-насихат жұмысымен Шымкент қаласына келіп тұрмыз.Қазақстан халық партиясы денсаулық сақтау саласын дамыту үшін, медицина қызметкерлерін қолдау үшін, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін бірнеше бағыт жоспарлады.Біз енді сарапшы ретінде медицина саласындағы мәселелерді толық шешеміз деп үміттенеміз.