Негізгі Жаңалықтар ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Байтақ» жасылдар партиясының өкілдері үгіт-насихат жұмысын жалғастырып жатыр. Кезекті кездесу бүгін «QazaqGaz Aimaq» мекемесінің қызметкерлерімен өтті. Жиында энергетика саласындағы экологиялық қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау мәселелері талқыланды.


 Басқосуда табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселесі көтерілді. Өндіріс орындарындағы экологиялық талаптарды сақтау жайы да сөз болды. Партия өкілдері қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бастамаларын таныстырды. Сондай-ақ сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарына тоқталды. Кездесуде еңбек ұжымы да өз пікірлерін ортаға салып, толғандырған сауалдарын жолдап, ұсынысын айтты.Ал партия өкілдері көтерілген мәселелер назарға алынатынын жеткізді.


НАЗГЕН МАХАМБЕТОВА, «БАЙТАҚ» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫНАН ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ
 Мені қуантатыны халықтың экологиялық мәселелерге бей-жай қарамайтыны.Яғни халықтың талаба өскен сайын экологияға бағытталған жұмыстар нәтижелі болады деп сенемін.Біздің партияның негізгі басымдықтары қоршаған ортаны қорғау, таза ауа, ауыз суға қолжетімділік, қауіпсіз экологиялық орта қалыптастыру.Яғни болашақ ұрпаққа таза, қолайлы орта қалдыру.

Бөлісу