Негізгі Жаңалықтар «ӘДІЛЕТТІКТЕР» ЕҢБЕККЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

«ӘДІЛЕТТІКТЕР» ЕҢБЕККЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділет» партиясының штаб мүшелері сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып келеді. Бүгін олар «Kazferrogroup» зауытының қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында партия өкілдері еңбек ұжымына фракцияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, пікір алмасты.

Атап айтқанда, экономиканы дамыту, отандық өндірісті қолдау, кәсіпкерлікке жағдай жасау, жаңа жұмыс орындарын ашу, әлеуметтік мәселелерді шешу және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру бағыттары талқыланды. Штаб өкілдері жұмысшылардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады. «Әділет» партиясының негізгі мақсаты – азаматтардың ұсыныстары мен нақты мәселелерін ескере отырып, әділетті қоғам қалыптастыруға және елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу. Фракция мүшелері үгіт-насихат жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын айтты.


Бөлісу