Негізгі Жаңалықтар ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗҒАНДАР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗҒАНДАР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Түркістанда жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілер анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қалада полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп келеді.


 Кезекті профилактикалық іс-шара барысында қауіпсіздік белдігін тақпаған 56 жүргізуші, көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдаланған 37 жүргізуші және қарсы қозғалыс жолағына шыққан 2 жүргізуші анықталды. Олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар жүргізушілерге жол қозғалысы талаптарын сақтау, көлік басқару кезінде мұқият болу және жолдағы қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау қажеттігі түсіндірілді.


 АХАН САПАРБЕКОВ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, ПОЛИЦИЯ ПОДПОЛКОВНИГІ
Департамент бастығының нұсқауына сәйкес жұма және сенбі күндері рейдтік іс-шаралар өткізіледі. Оның мақсаты – түнгі уақытта жүрген жасөспірімдерді полиция басқармасына жеткізіп, ата-аналарына тиісті шара қолдану, жасөспірімдерге түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Сондай-ақ қаланың тыныштығы мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Бөлісу