«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
«Әділет» партиясының сайлауалды штабының мүшелері Тоғыс елді мекеніне барып, медицина қызметкерлерімен кездесті. Емхана мамандарымен пікір алмасып, ұсыныс-тілектерін тыңдады. Партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, алдағы жоспар-мақсаттарын баяндады. Бұл ғана емес, партия өкілдері апта бойы түрлі мекемелерді аралап, әр сала мамандарымен кездесіп келеді.
Басқосуда «Әділет» партиясының көтеретін мәселелері мен мақсат-міндеттері айтылды. Партия өз бағдарламасында 1 миллион жұмыс орнын құруды және өмір сүрудің орташа ұзақтығын 77 жасқа жеткізуді көздейді. Сондай-ақ ауыл тұрғындарының табысын еселеп, экономикалық қауіпсіздікті арттыруды мақсат етіп отыр. 5 миллион қазақстандыққа жасанды интеллектпен жұмыс істеуді үйрету де жоспарланған. Медицина саласына қатысты нақты бастамалары да бар.
МАҚСАТ ЖОЛДАСБЕКОВ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЕҢБЕКШІ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ
Медициналық мекемелер салу, азаматтарды уақытылы тексерістен өткізу, осы арқылы өмір сүрудің орташа ұзақтығын 77 жасқа дейін ұзартуды мақсат етіп отырмыз. Мұның бәрі «Әділет» партиясының бағдарламасында көрсетілген.