Негізгі Жаңалықтар «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ «ТАЗА АУЫЛ» АКЦИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ «ТАЗА АУЫЛ» АКЦИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Саяси партиялардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары белсенді түрде жалғасып жатыр. 12 тамыз – Дүниежүзілік жастар күніне орай «Ауыл» партиясы «Таза ауыл» акциясын өткізді.


Партияның республикалық төрағасы Қайрат Айтуғанов бастаған топ қала сыртындағы бұлақ көздерін ашып, өзен жағалауын күл-қоқыстан тазартты. Тұрғындар үшін маңызды су көзі қайта жанданып, табиғи орта абаттандырылды. Ауыл тұрғындары акцияның қоршаған ортаны қорғаумен қатар, елдің ауызбіршілігін арттыратын игі шараға айналғанын атап өтті. Тазалық акциясы мерекелік шараға ұласты. «Ауыл» партиясының белсенділері мен тұрғындары аумақты қоқыстан тазартып қана қоймай, ән айтып, би билеп, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Іс-шараға Қызылорда, Тараз, Қарағанды, Алматы және Астана қалаларынан Құрылтай депутаттығына үміткерлер де қатысты. Олар үгіт-насихат жұмыстарына белсенді араласып, өңірлердегі ауыл-аймақтың тыныс-тіршілігімен танысып жүр.


ҚАЙРАТ АЙТУҒАНОВ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Әлем бойынша жастар күні. Осыған орай Ауыл партиясы үлкен іс-шара ұйымдастырып жатырмыз. Қазір 150 студент бар, жастар бар. Бұлақтың көзін ашып, қоқыс жинап тап-таза қылып жатырмыз. Бізз жаңа бағдарлама бастадық «Таза ауыл» деген. Біз негізі қалада да жұмыс істейміз негізі біз Ауыл партиясы болған соң ауылдамыз. Ауылды тазалап таза ауыл деген бағдарлама құрдық.


Бөлісу