Негізгі Жаңалықтар 40 ОТБАСЫҒА БАСПАНА БЕРІЛДІ

40 ОТБАСЫҒА БАСПАНА БЕРІЛДІ

Шымкентте тұрғын үй кезегінде тұрған тағы 40 отбасыға жаңа пәтер кілті табысталды. Салтанатты шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, қоныс иелерін қуанышымен құттықтады.


Шымкент қаласының тұрғыны Қарлығаш Сапарбаева үшін бұл ерекше күн. Жалғызбасты ана он жылдан бері баспанаға қол жеткізуді армандап келіпті. Қуанышқа кенелген жанұя бүгін екі бөлмелі пәтерге ие болып, Бозарық шағынауданына қоныстанды.


 ҚАРЛЫҒАШ САПАРБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Мен жалғызбасты ана ретінде, мүгедектігі бар баласы бар ана ретінде осыдан он жыл бұрын үй кезегіне тұрған едім.Бүгін кезегім келді, рас.Қуанып жатырмын, толқып та тұрмын әрі.


 Қазіргі таңда шаһарда тұрғын үй кезегінде 95 мыңға жуық азамат тіркелген. Жыл соңына дейін 7 мыңнан астам тұрғынды баспанамен қамту жоспарланып отыр. Ал бүгінгі қуаныш иелері Бозарық шағын ауданында орналасқан жаңа үйлерге қоныстанды.


 КӨПЖАН ТӨЛЕБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ М.А.
Енді бұл пәтерлеріміз жалдамалы пәтерлер, азаматтардың тұрғын үй кезегінде тұрған уақытына қарай «Отбасы банк» тарапынан беріліп жатыр.Орналасқан пәтерлер Бозарық мөлтекауданында. Барлық қажетті коммуникациямен жабдықталған.Яғни бұл азаматтар дайын пәтерге көшіп барады.


Тұрғын үй беру жұмыстары Шымкентте жүйелі түрде жалғасып келеді. Мәселен, өткен жылы осы санат бойынша 1 500-ге жуық азамат жаңа пәтерге ие болып, қоныс тойын тойлады. Баспаналар қажетті инженерлік инфрақұрылымдық жүйемен толық қамтамасыз етілген.

Бөлісу