МАНСАП ОРТАЛЫҚТАРЫ ЖАҢАРАДЫ
Елдегі мансап орталықтарының жұмысы жаңа форматқа көшеді. Енді мамандар жұмыссыз азаматты нақты жұмысқа орналасқанға дейін сүйемелдейді.
Мамандар мансап орталығына жүгінген әр азаматтың кәсіби бейіні мен мүмкіндігі сараланатынын айтады. Соның негізінде оған лайықты жұмыс не қажетті қолдау шаралары ұсынылады. Бұдан бөлек, қызметкерлер еңбек шартын жасауға дейінгі процесті жеке бақылауына алады. Осы бағытта жаңа цифрлық шешімдер де енгізіліп жатыр. Яғни бұл технология халыққа қажетті бос жұмыс орындарын ұсынып, қолдау шараларын күшейтуге бағытталған.