Негізгі Жаңалықтар ЖСДП ӨКІЛДЕРІ КІЛЕМ ФАБРИКАСЫНДА

ЖСДП ӨКІЛДЕРІ КІЛЕМ ФАБРИКАСЫНДА

ЖСДП өкілдері сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын қыздыра түсті. Саяси ұйым өкілдері жұмысшылары көп ірі зауыттарды аралауға кірісті. Бұл жолы 560 қызметкері бар «Бал-Текстиль» кілем фабрикасына барып, парақшаларын таратты.

 Іс-шара барысында ұжымға сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары жан-жақты түсіндірілді. Кездесуде еңбекақыны көтеру, отандық өнімді қолдау және әлеуметтік мәселелерді шешу мәселелері кеңінен сөз болды. Партия өкілдері фабрика жұмысшыларымен еркін форматта әңгіме өрбітіп, олардың мәселелерін тыңдады. Мұндай кездесулер арқылы сайлаушыларға партия бағдарламасын тереңірек түсіндіруге болады. Кезекті үгіт-насихат жұмыстары күнделікті жалғасады.

 ҚУАНДЫҚ НҰРЖАУ, ЖСДП ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ
Бал-Текстиль ұжымымен кездесіп, өзіміздің сайлауалды бағдарламамызды таныстырдық. Бұл кісілермен әңгіме құрып, көкейдегі сұрақтарына жауап бердік. Сұрақтар еңбекақыны көтеру, зейнет жасын азайту жайлы болды. Бұл мәселелер біздің бағдарламамызда бар.

Бөлісу