АЛМАТЫДАН ТҮРКІСТАНҒА 500-ДЕН АСА ЖАНКҮЙЕР КЕЛДІ
Алматылық «Қайрат» футбол клубы Болгарияның «Левски» командасын қабылдады. Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі қарымта ойын рухани астанадағы «Түркістан Арена» стадионында өтті. Футбол додасына Алматыдан 10 автобуспен жанкүйерлер келді. Тасымал қызметін «Яндекс Қазақстан» ұйымдастырды.
Жоғары қарқынмен басталған бәсекеде қонақтар 13-минутта есеп ашып, алғашқы таймда басымдыққа ие болды. «Қайрат» есепті теңестіруге барын салғанымен, таразы басын өзгерте алмады. Кездесу 0:1 есебімен аяқталды. Маңызды кездесуді тамашалауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен көрермен жиналды. Алматылық жанкүйерлерге «Яндекс Қазақстан» демеушілік жасап, тасымал қызметін ұйымдастырды. Олар 500-ден астам жанкүйерді рухани шаһарға алып келген.
МЕРХАТ ОТАРОВ, ФУТБОЛ ЖАНКҮЙЕРІ
«Осы Яндекс автобустарымен Түркістанға келдім. Өте жайлы автобустар екен. Керек жерлерге тоқтады. Шаршамай келдік.» «Автобуста барлығымызға су берді. Жейтін тамақ та берді. Желдеткіш жүйесі қосылған.»
Ойын басталмай тұрып-ақ стадион маңында ерекше атмосфера байқалды. Жанкүйерлер суретке түсіп, өзара пікір алмасып, алдағы кездесуге қатысты болжамдарымен бөлісті. Көпшілік үшін бұл сапар сүйікті командасын қолдау ғана емес, нағыз футбол саяхатына айналды.
АРМАН БАЗАРБЕКОВ, «ALATAUFANS» ФАН-КЛУБЫНЫҢ БЕЛСЕНДІ ЖАНКҮЙЕРІ
«Біздің демеушілеріміз – «Қайрат» клубының «Яндекс» және «Freedom» компанияларының қолдауымен бізге автобустар бөлінді. Шамамен 15 көлікпен келдік. 700-дей жанкүйер жиналды.»
Жанкүйерлердің пікірінше, дәл осындай ауызбіршілік пен клубқа деген адалдық трибунадағы ерекше атмосфераны қалыптастырып, команданы жеңіс жолындағы күреске жігерлендіреді. «Яндекс Қазақстанның» қолдауының арқасында 500-ден астам жанкүйер футбол кешін тамашалап, сүйікті командасына алаңнан қолдау көрсетті.