Негізгі Жаңалықтар СПОРТ ПЕН ТӘРТІП

СПОРТ ПЕН ТӘРТІП

Спорт – тәртіптің, тәрбие мен жауапкершіліктің мектебі. «Заң мен тәртіп, Адал азамат және Жаңа Конституция» тақырыбында кәсіби спорт жаттықтырушыларымен кездесу өтті. Онда Жаңа Ата заң мен мемлекет басшысы айқындаған қағидаттарды іске асыру, құқықтық мәдениетті нығайту және қоғамда заңға құрмет қалыптастыру бағытындағы міндеттер түсіндірілді.


Кездесуде қадағалау органының өкілі баяндама жасап, қатысушылармен ашық пікір алмасты. Жиын барысында Конституцияның ел өміріндегі маңызы, заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» және «Адал азамат» идеологиясын спортшылар арасында  кеңінен насихаттау мәселелері талқыланды.


 БІРЖАН ЖАҚЫП, БОКСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Жастарды да сол бағытта тәрбиелі болсын, заңға бағынсын, шектен шықпасын, дұрыс жол таңдасын, оның ішінде спортқа келсін деген бағытта жұмыс жасаймыз. Оларды спортқа тарту, қызықтыру. Чемпион болу үшін тек еңбек емес, бұл жерде заң және тәртіп бәрі бірге үйлеседі дегенді түсіндіріп, кездесіп жатамыз. Бүгінгі іс-шараның да аясы сондай, бұл жерде қызметкерлер арасында.

Бөлісу