Негізгі Жаңалықтар ҚХП МУЗЕЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚХП МУЗЕЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Қазақстан Халық партиясының өкілдері музей қызметкерлерімен кездесті. Жиын барысында партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, мәдениет саласының өзекті мәселелері талқыланды.


Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Басқосу барысында сала мамандарының кәсіби еңбегін лайықты бағалау жайы сөз болды. Партия өкілдерінің айтуынша, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, тарихи-мәдени мұраны сақтауда музей қызметкерлерінің еңбегі айрықша маңызды. Сондықтан мамандардың әлеуметтік жағдайын жақсартып, мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық мүмкіндігін арттыру – маңызды міндеттердің бірі. Кездесу соңында музей ұжымы өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салып, партия өкілдеріне сауалдарын жолдады.


БАЙМЫРЗА УМАРОВ, ҚХП ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Бүгін біз Түркістан облыстық тарихи-өлкентану музейіне келіп, өз бағдарламамыз бойынша сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.Біздің партияның сайлауалды бағдарламасы он тоғыз бөлімнен тұрады.Осы бойынша алдағы уақытта жұмыс істейміз.

Бөлісу