Негізгі Жаңалықтар КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ ЦИФРЛАНДЫРЫЛАДЫ

КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ ЦИФРЛАНДЫРЫЛАДЫ

Кәсіпкерлерге көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің көбі енді онлайн форматқа көшіріледі. Премьер-министр бизнеске қажетті құжаттарды жыл соңына дейін eGov Business платформасына енгізуді тапсырды. Яғни кәсіпкерлер бұрын қағазбастылықпен уақыт жоғалтса, енді қызметті онлайн ала алады.


Қазір бизнеске көрсетілетін қолдау қызметтерінің 60 пайызы әлі де қағаз түрінде жүзеге асырылады. Үкімет осыны азайтып, рұқсат алу мен лицензия рәсімдерін де жеңілдетуді көздеп отыр.Сонымен қатар жыл соңына дейін еліміздің барлық өңірінде цифрлық жұмыспен қамту қызметі іске қосылады.Үкімет басшысы сынақтан өтіп, тиімділігін көрсеткен жобаларды бүкіл елге енгізуді тапсырды.

Бөлісу