Негізгі Жаңалықтар АРДАГЕРЛЕР ҮЙІ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

АРДАГЕРЛЕР ҮЙІ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Түлкібас ауданында жаңартылған «Ардагерлер үйі» ғимараты пайдалануға берілді. Жаңа нысан аудан тұрғындарының басын қосып, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайтуға бағытталған маңызды қоғамдық-мәдени орталыққа айналмақ.

Жаңа ғимараттың ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, аудан тұрғындарының қуанышымен бөлісті. Ғимаратты аралап, ауыл ақсақалдарымен пікір алмасты. Нысанның құрылыс жұмыстары толық аяқталып, 100 адамға арналған ғимарат заманауи талаптарға сай жабдықталды. Мұнда тұрғындардың түрлі қоғамдық, мәдени-рухани іс-шаралар өткізуіне қажетті жағдай жасалған. Құрылыс жұмыстарын «Батсу-Водоканал» ЖШС атқарды. Ардагерлер үйі ең алдымен ауданның ардагерлер қауымының басын қосып, олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына және ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруына мүмкіндік береді.


Бөлісу