Негізгі Жаңалықтар КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚҰЗЫРЛЫ ОРГАН ҚОРҒАЙДЫ

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚҰЗЫРЛЫ ОРГАН ҚОРҒАЙДЫ

Кәсіпкерлердің құқығын құзырлы орган қорғайды. Түркістан қаласының прокуратурасы инвестициялық жобаларды аралап, олардың іске асырылу барысымен танысты. Шаһарда қалалық прокуратураның үйлестіруімен құны 5 млрд теңге болатын құрылыс материалдарын өндіретін зауыт жобасы инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулына енгізілді.

 Аталған жобаның жалпыұлттық пулға енгізілуі инвесторға мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді пайдалануға, өндірісті кеңейтуге және жобаны одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Жоба аясында 50 жаңа жұмыс орны ашылды. Қазіргі таңда зауыт құрылысының бірінші кезеңі аяқталып, өндірістік цех іске қосылды. Жобаның келесі кезеңдерін іске асыру және қосымша жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. Инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы қалалық прокуратураның тұрақты бақылауында.

ОЛЖАС ДӘУРЕНБАЕВ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ
 Қала прокуратурасы инвестициялық жобаларды аралап, олардың іске асырылу нәтижелерімен танысты. Түркістан қаласында жалпы құны 424,3 млрд теңге болатын 72 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Қала прокуратурасы жыл басынан бері құны 18,8 млрд теңгені құрайтын 14 инвестициялық жоба бойынша инвесторлардың құқықтарын қорғады.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар