Негізгі Жаңалықтар «ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ» АТАҒЫН БЕРУ ҚАҒИДАЛАРЫ ӨЗГЕРДІ

«ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ» АТАҒЫН БЕРУ ҚАҒИДАЛАРЫ ӨЗГЕРДІ

Шымкент қаласының «Құрметті азаматтары» азаяды. Жоғары атақты беру қағидаларына өзгеріс еніп отыр. Енді олардың саны еке есеге қысқарып, тек екі жылда бір-ақ рет беріледі. Сондай-ақ, үшінші мегаполистің бюджеті 25 млрд теңгеге ұлғайды. Шешімдер қалалық мәслихаттың кезектен тыс 38-ші сессиясында қабылданды. Шенеуніктер күн тәртібінде жалпы 6 мәселені қарап, дауысқа салды. Толығырақ Олжас Асылхан тарқатсын.      


Бұған дейін Шымкент қаласының «Құрметті азаматы» атағы жыл сайын берілген. Таңдаулы 25 азамат жоғары атаққа ие болатын. Енді жаңа талап бойынша атақ екі жылда бір рет табысталады. Лайықты азаматтардың саны он адамнан аспайды.


БЕРІК ӘШІМБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Құрметті азамат» атағын беру қағидаларының үлгісі бекітілді. Осыған байланысты қолданыстағы Шымкент қаласы мәслихатының шешімімен бекітілген «Шымкент қаласы Құрметті азамат» атағын беру қағидаларын министрлік бекіткен үлгілі қағидаларға сәйкестендіру қажет.


ҚАЛА БЮДЖЕТІ НАҚТЫЛАНДЫ


Сессияда Шымкент қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті нақтыланды. Қаланың қаржы жоспары 868 млрде теңгеден 893 млрд теңгеге ұлғайтылды. Яғни, жергілікті қазына 25 млрде теңге өсіп отыр.


НҰРСҰЛТАН ЖЫЛҚЫБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
 Жалпы бюджетті нақтылау нәтижесінде бюджет көлемі 868 млрд теңгеден 893 млрд теңгеге артатын болады.


 Сонымен қатар, қалалық әкімдік жанындағы халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы бекітілді. Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 38-ші сессиясында жалпы алты мәселе қаралып, шешім қабылданды.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар