Негізгі Жаңалықтар АДАЛ АЗАМАТ – ЕЛ ҚОРҒАНЫ

АДАЛ АЗАМАТ – ЕЛ ҚОРҒАНЫ

Түркістан облыстық Ақсақалдар кеңесінің мүшелері ел қорғаны болған әскерилермен кездесті. Ардагер азаматтар жас сарбаздарға арнап «Ерлік жолы – жауапкершілік жолы» атты тағылымды жиын ұйымдастырды. Басқосу аға буынның өмірлік әрі әскери тәжірибесін кейінгі ұрпаққа үлгі етуді көздейді. Ел ағалары сарбаздарға Отанды қорғаудың жауапкершілігі мен маңызын түсіндіріп, ақыл-кеңестерін айтты.


Азаматтық жауапкершілік пен отансүйгіштік – ел болашағының берік тірегі. Бастама жастар бойында патриоттық рухты қалыптастыруға бағытталған. Басқосуда әскери антқа беріктік, тәртіп пен Отанға адалдық мәселелері кеңінен сөз болды. Ақсақалдар кеңесінің мүшелері сарбаздармен өз өмірлік тәжірибесін бөлісіп, ел тыныштығын қорғаудың жауапкершілігін түсіндірді. Тағылымды кездесуде құқықтық сауаттылықты арттыру мен қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласудың маңызы да айтылды. Аға буын өкілдері жастарды тек заңды біліп қана қоймай, ел дамуына белсенді үлес қосуға шақырды. Шара соңы патриоттық концерттік бағдарламаға ұласты. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5574 әскери бөлімінің сарбаздары патриоттық әндер шырқап, жиналғандарға ерекше рух сыйлады.


 СОЗАҚБАЙ ӘБДІҚҰЛОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
 Биыл әскери бөлімге екінші рет келіп, кездесіп отырмыз. Жастар да бізді жақсы қабылдап жатыр. Өте көңіл бөліп, жауапкершілікпен қарап отырғандарын көрдік. Алдағы уақытта бұл азаматтардың Отанын қорғауда елге жауапты азаматтар болатынына сенеміз.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар