Негізгі Жаңалықтар ЕҢБЕК ҰЖЫМЫНЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫ ТЫҢДАЛДЫ

ЕҢБЕК ҰЖЫМЫНЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫ ТЫҢДАЛДЫ

Бүгін Қазақстан Халық партиясының өкілдері трансформатор зауытының қызметкерлерімен кездесті. Жиын барысында партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, өндіріс саласына қатысты маңызды мәселелер талқыланды.


 Кездесу барысында жұмысшылардың еңбек жайы мен қауіпсіздік мәселелері сөз болды. Партия өкілдері өндіріс орындарын дамыту мен жаңа жұмыс орындарын ашудың маңызын атап өтті. Қызметкерлер де өздерін алаңдатқан мәселелерді ашық айтып, көкейдегі сауалдарды жолдады. Ашық форматта өткен басқосуда тараптар еңбек ұжымының ұсыныстарын талқылап, өзара пікір алмасты.


ҚУАНЫШБЕК НАҚАНОВ, ҚХП ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ СЕНІМДІ ӨКІЛІ
 Біз бүгін «Азия Трафо» мекемесіне келіп отырмыз.Партияның сайлауалды бағдарламасы 19 бағыттан тұрады.Бүгінде түрлі мекеменің қызметкерлерімен кездесіп жүрміз.Зауыт қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойды әрі жауап алды.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар