Негізгі Жаңалықтар «RESPUBLICA» ПАРТИЯСЫНЫҢ КАНДИДАТТАРЫ САУДА ҮЙЛЕРІН АРАЛАДЫ

«RESPUBLICA» ПАРТИЯСЫНЫҢ КАНДИДАТТАРЫ САУДА ҮЙЛЕРІН АРАЛАДЫ

  1. Respublica партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Шымкентте үгіт-насихат жұмысын жалғастыруда. Партия өкілдері қаладағы ірі кәсіпорындар мен зауыт-фабрикаларды аралап, жұмысшылармен кездесіп жүр. Сондай-ақ адам көп шоғырланатын ойын-сауық орталықтарын да назардан тыс қалдырмайды.

  2.  Бұл жолы партия өкілдері Орталық әмбебап дүкеніне аялдады. Олар сауда орталығының сатушылары мен келушілеріне партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндіріп, үнпарақшалар таратты. Партия кәсіпкерлікті қолдауға, салық жүктемесін азайтуға және шағын әрі орта бизнеске кедергі келтіретін бюрократиялық бөгеттерді жоюға баса назар аударатынын айтты. Партия өкілдері бизнес пен еңбек адамдарына қолайлы жағдай жасауды мақсат етеді. «Respublica» партиясының сайлауалды бағдарламасында қауіпсіздік, тиімділік, әл-ауқат және жауапкершілік бағыттары қамтылған.

  3.  ОЛЖАС ЖҮНІСОВ, RESPUBLICA ПАРТИЯСЫНАН ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ
  4.  «Respublica» партиясы үгіт-насихат жұмысын қарқынды жүргізіп жатыр. Шымкентте кәсіпорындар мен зауыттар, фабрикалар өте көп. Сол жерлерге барып, жұмысшылармен кездесулер ұйымдастырып, оларды сайлауалды бағдарламамызбен таныстырып жүрміз. Бүгін Mega Planet сауда орталығы мен ЦУМ-ға келдік. Мұнда келушілер арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Сайлауға дейін бес күн уақыт қалды. Осы аралықта тағы да бірқатар нысанды аралап, халықпен кездесуді жалғастыратын боламыз. Өз бағдарламамыз бен партияның жұмысымен таныстырып, үнпарақшалар таратамыз.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар