Негізгі Жаңалықтар ЖСДП: МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫНА ҚОЛДАУ

ЖСДП: МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫНА ҚОЛДАУ

Медицина қызметкерлерінің мәртебесін нығайту – маңызды басымдықтардың бірі. Бұл еңбекақыны көтеруді, еңбек жағдайын жақсартуды, әлеуметтік кепілдіктерді кеңейтуді және кадр тапшылығы байқалатын өңірлерде жұмыс істейтін мамандарға қолдау көрсетуді қамтиды. Бұл - ЖСДП-ның денсаулық сақтау саласына қатысты ұстанымы. Шымкенттегі партия өкілдері №3 қалалық емхана ұжымымен кездесті.

Іс-шара барысында медицина қызметкерлеріне сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары жан-жақты түсіндірілді. Кездесуде еңбекақыны көтеру, әлеуметтік мәселелерді шешу мәселелері кеңінен сөз болды. Медицина қызметкерлерін қолдау – бүкіл денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығының қажетті шарты. Жалпы алғанда, денсаулық сақтау саласындағы саясаттың мақсаты – қоғамдық игілік пен әрбір азаматтың кепілдендірілген құқығы ретінде қолжетімді медициналық көмекпен қамтуды қамтамасыз ету. Осындай кездесулер арқылы сайлаушыларға партия бағдарламасын тереңірек түсіндіруге болады. Кезекті үгіт-насихат жұмыстары күнделікті жалғасуда.

 ҚУАНДЫҚ НҰРЖАУ, ЖСДП ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ
ЖСДП Шымкент қалалық филиалы №3 қалалық емханаға келіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Ұйымды жаңа технологиялармен қамту, медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру сияқты мәселелер көтерілді.



Бөлісу

Аймақтық телеарналар