Негізгі Жаңалықтар ҚОҚЫС ЖИНАП, ЖАРЫСТЫ

ҚОҚЫС ЖИНАП, ЖАРЫСТЫ

Шымкенттіктер қоқыс теріп жарысты. Квест ойынына қатысушылар 3 шақырым жүгіріп, жол-жөнекей тапсырмалар орындады. Әр бекетте жұмбақ шешіп, қаржылық сауаттылық туралы ақпарат алды.

 Қатысушылар ойнай жүріп, қоқыс жинады. 3 шақырымдық жарыс барысында бірнеше бекетке аялдап, қоқыстарды терді. Тапсырмаларды орындап, сауалдарға жауап берді.

 АРУЖАН ӘЛЖАН, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ
 – «Әр екі аялдамада лудомания, дропперлік, қаржылық пирамида және дипфейк туралы тың ақпарат алады. Соңында сауалнама арқылы осы ақпараттарды қаншалықты түсінгенін көрсетеді.»

 Сайысқа департамент қызметкерлері, еріктілер мен студенттер қатысты. Салауатты өмір салтын дәріптеген жарыста олар қоршаған ортаға қамқорлық танытып, тазалыққа үлес қосты. Қатысушылар бір оқпен екі қоян атқанын айтады. Дене шынықтыра жүріп, табиғатқа да пайдасын тигізгеніне қуанышты.

 НҰРДӘУЛЕТ СЕРІКҰЛЫ, СТУДЕНТ
 – «Біз бұл іс-шарадан тазалықты үйрендік. Қоқыс жинап, табиғатқа қамқорлық таныттық.»«Дропперлік туралы ақпарат берілді. Оған жауапкершілік көзделген.»

Сайыс соңында мәреге бірінші болып келгендер марапатталып, арнайы сертификаттар мен медальдарға ие болды.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар