Негізгі Жаңалықтар АУЫЛ ТУРИЗМІ ДАМИДЫ

АУЫЛ ТУРИЗМІ ДАМИДЫ

Түркістан – тарихы терең, табиғаты көркем өлке. Бір аумақта көне қалалар мен тарихи кесенелер орналасса, енді бірінде таулар мен шатқалдар орын тепкен. Ал қазіргі таңда туризмді өңір экономикасының маңызды саласына айналдыру көзделіп отыр.


Облыс әкімінің айтуынша, ауылды дамыту тек жол салып, инфрақұрылым тартумен шектелмеуі керек. Бұл бағытта әкімдік пен отандық инвесторлар бірлесіп, бірнеше жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Атап айтсақ, Ақмешіт - Ишан тарихи-архитектуралық кешені мешіт, музей, кітапхана мен мәдени-ағартушылық орталықтан тұратын заманауи рухани кеңістікке айналмақ. Шаяндағы Аппақ Ишан медресесін білім мен руханият ошағы ретінде дамыту көзделіп отыр. Ал Қаскасу мен Сайрам-Өгем бағыттарында туристерге қажетті жағдай жасау жоспарланған. Мұнда визит-орталық, этно-кофейня, демалыс орны мен автотұрақтан тұратын кешендер бой көтереді. Сондай-ақ,өңірде туристік бағыттарды бір жүйеге біріктіру көзделіп отыр. Саяхатшы Түркістан қаласынан шығып, Отырар, Төлеби, Қаскасу, Сайрам-Өгем, Кентау және басқа да көрікті жерлерге сапар шеге алады. Осылайша облыста тарихы мен табиғаты, мәдениеті мен кәсібі бір арнаға тоғысқан жаңа туристік экожүйе қалыптасады.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар