Негізгі Жаңалықтар «АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫ ДӘРІГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

«АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫ ДӘРІГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

«Ақ жол» партиясының сайлауалды штабы №1 қалалық клиникалық ауруханаға барып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Медицина қызметкерлерімен кездесіп, партия фракциясының бағдарламасын таныстырды. Жаднама материалдарын таратып, ұжым өкілдерімен пікір алмасты. Қойылған сауалдарға жауап беріп, саяси науқанға немқұрайлы қарамауға шақырды.

 «Ақ жол» партиясының мәліметінше, фракцияның қолдауымен аурухананың бүйрек ауруларын емдеуге арналған бөлімшесіне заманауи медициналық аппараттар алынып, қолданыстағы құрылғылар күрделі жөндеуден өткізілген. Бүгінде бұл аппараттардың көмегімен бүйрек пен несеп жолдарындағы тастарды хирургиялық араласусыз әрі наркозсыз ұсақтап, ағзадан ауырсынусыз шығаруға мүмкіндік бар.

БАҚДӘУЛЕТ МӘЛІМОВ, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫ САЙЛАУЫНА КАНДИДАТ
Партиямыздың үгіт-насихат жұмыстарымен таныстырып, азаматтардың сұрақтарына жауап бердік. Сайлаушылардың сайлауға қатысуға деген ниеті жоғары.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар