ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДАҒДЫЛАРЫН МЕҢГЕРДІ
Шымкенттік полицейлер жасанды интеллект технологияларын жетік меңгеріп келеді. Осы мақсатта екі күндік семинар-тренинг ұйымдастырылды. Оқыту барысында тәжірибелік жұмыстарға басымдық берілді. Қызметкерлер автоматтандыруға болатын жұмыс процестерін анықтауды, жасанды интеллектке тапсырманы дұрыс қоюды меңгерді.
Бағдарламалау дағдыларынсыз вайб-кодинг арқылы цифрлық құралдарды әзірлеп, сынақтан өткізуді меңгерді. Жаңа технологиялар ауқымды ақпаратты өңдеуге, құжаттарды жүйелеуге, қорытындылар мен талдамалық материалдарды әзірлеуге кететін уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Семинар ІІМ мен Цифрлық үкіметті қолдау орталығы арасындағы ынтымақтастық аясында өтті. Оқыту барысында меңгерген дағдыларды алдағы уақытта сақшылар жұмыс үдерістерінде қолданбақ.