ТҰРҒЫНДАР ТОЛҒАНДЫРҒАН САУАЛДАРЫН ҚОЙДЫ
«Әділет» партиясының сайлауалды штабы Тоғыс елді мекеніне барып, тұрғындармен кездесті. Азаматтармен пікір алмасып, ұсыныс-тілектерін тыңдады. Сондай-ақ партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, алдағы жоспар-мақсаттарын баяндады.
Басқосуда «Әділет» партиясының көтеретін мәселелері мен мақсат-міндеттері айтылды. Партия өз бағдарламасында 1 миллион жұмыс орнын құруды және өмір сүру ұзақтығын 77 жасқа жеткізуді көздейді. Сондай-ақ ауыл тұрғындарының табысын еселеп, экономикалық қауіпсіздікті арттыруды мақсат етіп отыр. 5 миллион қазақстандыққа жасанды интеллектпен жұмыс істеуді үйрету де жоспарланған. Медицина саласына қатысты нақты бастамалары да бар. Тұрғындар өз кезегінде көкейлеріндегі сауалдарын қойып, тұщымды жауап алды.
МАҚСАТ ЖОЛДАСБЕКОВ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЕҢБЕКШІ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ
Жұмыс орындарын миллионға дейін жеткізу, жаңа, тұрақты жұмыс орындарын ашу бойынша түсіндіріп өттік. Ауыл шаруашылығы саласында 37 су қоймасы жөнделіп, тағы 42 жаңа су қоймасы салынатынын айттық.Бұл арқылы суармалы жерлердің үлесі артады.