Негізгі Жаңалықтар ЖСДП ӨКІЛДЕРІ КІТАПХАНА ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ЖСДП ӨКІЛДЕРІ КІТАПХАНА ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Жоғары адамгершілік пен рухани құндылықтар әрбір қазақстандықтың өмірлік бағдарына айналуға тиіс. Ал мәдениет – ұлттық жаңғыру идеяларын қалыптастырып, қоғамды біріктіретін қуатты күш. ЖСДП өкілдері Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапхананың ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында партия өкілдері кітапхана ұжымына сайлауалды бағдарламаны таныстырды. Саяси ұйымның ғылым мен мәдениет саласына қатысты ұстанымдарын жан-жақты түсіндірді. Ұлттық құндылықтар мен қоғамның рухани іргетасын сақтау, Отанға деген сүйіспеншілікті, тарихи жады мен ұлттық дәстүрлерді дәріптейтін шығармаларды қолдау мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ дарынды азаматтарды қолдап, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту үшін гранттар мен әлеуметтік бағдарламаларды көбейту қажеттігін жеткізді.

ҚУАНДЫҚ НҰРЖАУ, ЖСДП ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ

Заманауи мәдени кеңістікті дамыту, мәдени инфрақұрылымды жетілдіру және осы саладағы мамандарды даярлау сапасын арттыру мәселелері көтерілді. Осы тұрғыдан алғанда, кітапхана адамның өзін-өзі дамытуына оң ықпал етеді.




Бөлісу

Аймақтық телеарналар