Негізгі Жаңалықтар ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗЫНА АРНАЙЫ ТЕКСЕРІС

ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗЫНА АРНАЙЫ ТЕКСЕРІС

Жолаушылар пойызында көрсетілетін қызмет сапасын арттыру мақсатында арнайы тексеріс басталды. Науқан аясында Шымкент қалалық көліктік бақылау инспекциясы жолаушыларды тасымалдау қағидаларының сақталуын бақылайды.


Мегаполис теміржол станциясында жолаушылар пойызына тексеріс күшейді. Көліктік бақылау инспекциясы жолаушылардың жүру билеттерінен бастап, санитарлық талаптардың сақталуына дейін тексереді. Науқан барысында Шымкент – Астана бағытындағы жүрдек пойызының қызмет көрсету сапасына ерекше назар аударылды.


 МЕДЕТ АЛТЕЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
Акцияның негізгі мақсаты – жолаушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасы, өрт қауіпсіздігі, санитарлық жағдайы, техникалық жағдайы, құжатсыз пойыздарда жүру мәселесін тоқтату. Рәсімделмеген жүкті өзімен бірге алып жүру жағдайларын алдын-алу мақсатынжа жасалып жатқан іс-шара. Бұл акция республика бойынша жүргізілуде. 


Жолаушылардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында теміржол вокзалына кіру, қол жүгі мен сөмкелерді тексеру қатаң бақылауда. Пойыздардың техникалық жай-күйімен қатар тасымалдау кезіндегі қауіпсіздікке де жіті назар аударылып отыр.


ЕСКЕНДІР БАЙМҰРЗАЕВ, ШЫМКЕНТ СТАНЦИЯСЫ КӨЛІКТЕГІ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
Мәселен жыл басынан бері жолаушылар және жүк пойыздары терезелерінің сынуының 8 дерегі тіркелді. Бұл пойыз қозғалысының қауіпсіздігіне тікелей кедергі келтіреді. Жолаушылар пойызына тас лақтыру бойынша қазіргі таңда жасөспірімдерге және ата-аналарға ескертеміз. Балаларыңызға қарап теміржол қауіпті аймақ екенін түсіндірулеріңізді сұраймыз.


Жыл басынан бері көліктік бақылау мамандары 23 жолаушылар пойызын тексерген. Нәтижесінде 91 заңбұзушылық анықталды. Сондай-ақ, жол жүру құжаты жоқ 1 жолаушы тіркелген. Тексеріс науқаны тамыз айының соңына дейін жалғасады.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар