ГАЗ ЖЕЛІСІ КЕҢЕЙЕДІ
Тұран ауданында инфрақұрылымды дамыту мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Әсіресе халықты көгілдір отынмен қамту жұмыстары қарқын алған. Аудан әкімі Біржан Әзімбердиев биыл атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.
Ауданда табиғи газбен қамту бойынша әлі де шешімін қажет ететін мәселелер бар. Мәселен, 22 шағын ауданның 19-ы табиғи газға қосылған. Қазір үш шағын ауданда газ желісін тарту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар газбен қамтылған аумақтарда кейін бой көтерген жаңа нысандар мен шағын құрылыстарға газ желісін жеткізу қажеттілігі туындап отыр.
СПИКЕР: БІРЖАН ӘЗІМБЕРДИЕВ, ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
ПҚұрсай шағынауданы жартылай газбен қамтылған. Бүгінгі таңда толық газбен қамту үшін мердігер мекеме анықталып, құрылыс жұмыстары 2026–2027 жылдары жүргізіледі. Екінші Жаңаталап шағынауданы да жартылай газбен қамтылған.
Тұран ауданында 1 229 көше бар. Өткен жылы қала әкімінің бастамасымен негізгі көшелердің барлығы асфальтталды. Биыл 81 көшені орташа жөндеу жоспарланған. Қазіргі таңда оның 30-ы жөндеуден өтті. Ирригациялық жүйені дамыту бойынша да ауқымды жұмыстар атқарылуда.
БІРЖАН ӘЗІМБЕРДИЕВ, ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Аудан бойынша 1 229 көшенің 203-і арық жүйесімен қамтылған. 2025 жылы 50 көшеге ирригациялық жүйе жүргізілсе, биыл 41 көшеге арық жүйесі тартылады.
2025 жылы аудандағы негізгі көшелердің барлығы жарықтандырылды. Биыл тұйық көшелерді жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Жоспарға сәйкес, ішкі орамдағы 15 көше мен 10 жаяу жүргіншілер жолы жарықтандырылып жатыр.