ДРОН КӨМЕГІМЕН 19 ДЕРЕК АНЫҚТАЛДЫ
Көшеде ұшқышсыз аппаратты көрсеңіз, таңғалмаңыз. Бүгінде құқық қорғау қызметкерлері заманауи дрондардың көмегімен бірнеше құқық бұзушылықтың жолын кесіп, қылмыстардың бетін ашып жүр. Әуеден бақылау жүргізу барысында, әсіресе қаладағы жеке тұрғын үйлердің аулаларынан есірткі өсімдіктері анықталған. Соның бірінен үш жүз келіден астам марихуана тәркіленді.
Полицейлер бұған дейін дрондарды негізінен жол қауіпсіздігін бақылау үшін қолданып келген еді. Әуедегі құрылғылар автокөліктердің жол ережесін сақтауын және жаяу жүргіншілерге жол беруін бақылауға мүмкіндік берді. Енді ұшқышсыз аппараттардың қолдану аясы кеңейіп отыр. Тәртіп сақшылары дрондардың көмегімен жеке үйлердің аулаларында өсірілетін есірткі өсімдіктерін анықтап, ауыр қылмыстардың алдын алуда. Нәтижесінде жыл басынан бері үй аулаларында есірткі өсімдіктерін өсірудің 19 дерегі анықталған. Заманауи технологиялар бұдан былай да қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында белсенді қолданылмақ.
АРМАН БЕЙСЕНБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
Қала орталығында орналасқан жеке тұрғын үйде есірткі өсімдіктерін аса ірі көлемде өсіру фактісі анықталды. Жалпы, 300 келіден астам марихуана тәркіленді. Сол секілді осы тамыз айында Тұран шағынауданында 34 жастағы тұрғынның үйінен фитозертхана анықталды.