МЕКТЕП МАҢЫНДАҒЫ ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА
Жаңа оқу жылына дайындық аясында Шымкентте мемлекеттік 162 мектептің жаяу жүргіншілер өткелдеріндегі жол таңбалары жаңартылды.
Басты мақсат – мектеп маңында қауіпсіз орта қалыптастырып, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Сонымен қатар мектеп маңындағы жол қозғалысын реттейтін белгілер де тиісті талаптарға сәйкестендірілуде. Жаңа оқу жылына орай оқушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасау бағытындағы бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса бермек.