«БІЗ ҚАСЫҢДАМЫЗ. БІЗДЕН СҰРАҢЫЗ!»
«Біз қасыңдамыз. Бізден сұраңыз!» ақпараттық акциясы аясында полицияға азаматтардан 778 онлайн өтініш келіп түскен. Оның 334-і Threads платформасы арқылы жолданған. Нәтижесінде 66 өтініш азаматтарға қажетті көмек көрсету үшін Отбасын қолдау орталықтарына жолданды.
Өзара іс-қимыл барысында мазмұны мен күрделілігі әртүрлі өтініштер келіп түскен. Олардың бір бөлігі жедел ден қоюды қажет етсе, енді бір бөлігі қосымша зерделеуді талап еткен. Отбасындағы зорлық-зомбылық фактілеріне қатысты өтініштерге ерекше назар аударылған. Мұндай жағдайларда азаматтарға ақпарат беріп қана қоймай, нақты шаралар қабылданады. ІІМ азаматтармен өзара іс-қимыл форматтарын одан әрі жетілдіріп, ден қою жеделдігін арттыру жұмыстарын жалғастырмақ.
АҚМАРАЛ СЕРІКБАЕВА, ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ
Өзара іс-қимылдың мұндай форматының практикалық маңызы зор. Ол полицияның ғана емес, басқа да қызметтердің араласуын талап ететін мәселелерді ертерек анықтауға және бірлескен күш-жігермен тиімді көмек көрсетуге мүмкіндік береді.