Негізгі Жаңалықтар ҮГІТ-НАСИХАТ НАУҚАНЫ АЯҚТАЛДЫ

ҮГІТ-НАСИХАТ НАУҚАНЫ АЯҚТАЛДЫ

Құрылтай сайлауы алдындағы үгіт-насихат науқаны бүгін аяқталады. Депутаттық мандатқа үмітті 7 партияның кандидаттары өңірлердегі соңғы кездесуін өткізді. Халыққа сайлауалды бағдарламасын таныстырып, тұрғындардың ұсыныс-пікірілер тыңдап қайтты.

«Ауыл» партиясының өкілдері Абай облысына барды. Құрылтай депутаттығына кандидаттар «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының жұмысшыларымен кездесіп, сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Жиынды қарағайлы орманды қалыпына келтіру, жасыл алқапты қорғау және ұлғайту жайы сөз болды.


ЖИГУЛИ ДАЙРАБАЕВ – «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНАН ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ
«Қаладан-ауылға» деген облыс әкімшілігі ұйымдастырған бағдарламасын, осының бәрін зерделедім. Абай облысы соңғы төрт жылдың өзінде құрылыс саласында, ауыл шаруашылық саласында, әлеуметтік салада осының бәрінде біздің жергілікті тұрғындардың атқарып жатқан жұмыстары.

 Шымкентте «Ақ жол» Демократиялық партиясының өкілдері алюминий банкалар мен қақпақ шығаратын өндіріс орнына барды. Құрылтай депутаттығына кандидаттар заманауи автоматтандырылған желілердің жұмысымен танысты. Еңбек ұжымымна кәсіпкерлікті қолдау, отандық өндірісті дамыту жайын талқыланды.


ДАНИЯ ЕСПАЕВА, «АҚЖОЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
 Әрине несиелері бар. Соныңбірінші сұрағы осы несиені арзандату сонымен қатар баспана алу. Заң ретінде кіргізіп, осындай қарапайым халыққа баспана алуды қолжетімді ету біздің міндетіміз деп ойлаймын.

Астанада Respublica партиясы қолдаушыларының форумы өтті. Саяси бірлестік төрағасы Айдарбек Қожаназаров елордалық жас белсенділермен кездесті. Ашық әңгімеде жастар өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, болашақ, мамандық таңдау, өзін-өзі дамыту және қоғамдық-саяси өмірге араласу туралы сұрақтарын қойды. Жастардың бірі саясаттан алыс қатарластарын қоғамдық іске қалай тартуға болатынын сұраса, бірі саясатқа енді қадам басқан жастарға қандай кеңес берерін білгісі келді. Ел өңірлеріне жасаған сапарлары, жастардың өз жолын табуы және таңдаған мамандығында табысты болуы туралы да әңгіме өрбіді. Айдарбек Қожаназаров жастарды өз күшіне сеніп, бастамадан қорықпауға шақырды.


АЙДАРБЕК ҚОЖАНАЗАРОВ – RESPUBLICA ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Ең бастысы біз кандидаттармен 20 өңірді аралап шықтық. Елдің түкпір-түкпіріне барып келдік. Аудандарды аралап, халықпен кездестік.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар