ПАРАСПОРТШЫ ДАУЫС БЕРДІ
Құрылтай сайлауында шымкенттік параспортшылар да белсенділік танытып жатыр. Пара суда жүзуден жеті дүркін ел чемпионы Айсұлтан Кулкебаев өзі тұратын «Астана» шағынауданындағы №232 сайлау учаскесінде таңдауын жасады. Ол учаскеде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасалғанына қуанышты.
Айсұлтан Құрылтай сайлауына жеті жыл ішінде жеткен жетістіктерінің белгісі ретінде 20-дан астам медалін тағып келген. Олардың ішіндегі ең құндысы – IV Азия ойындарындағы қола жүлдесі. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері сайыс алдындағы қобалжу әрбір спортшы үшін қалыпты жағдай екенін айтады. Дегенмен, Құрылтай сайлауына қатысып, дауыс беру – ол үшін маңызды азаматтық міндет.
АЙСҰЛТАН КУЛКЕБАЕВ, ПАРАСПОРТШЫ
Мен бұл сайлауға спортшы ретінде емес, азамат ретінде келдім. Құрылтай сайлауында алғаш рет дауыс беру – менің азаматтық борышым деп санаймын. Осы сайлау учаскесінде барлық жағдай жасалған. Жалпы, кіріп-шығуға қолайлы. Біз сияқты азаматтарға осындай жағдай жасалғанына қуаныштымын.