Негізгі Жаңалықтар КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰРЫЛТАЙДАН ҮМІТІ МОЛ

КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰРЫЛТАЙДАН ҮМІТІ МОЛ

Шымкенттік белгілі кәсіпкер, жергілікті кофе желісінің негізін қалаушы Аят Азимов Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады. Ол саяси науқанға бейжай қарамау - әрбір азаматтың басты міндеті екенін атап өтті. Өйткені бұл үдеріс ел болашағының негізі дейді кофе магнаты.


Қазақстанда шағын және орта бизнесті қолдау - Үкіметтің басты бағыттарының бірі. Мемлекет кәсіпкерлерге жеңілдетілген несиелер беріп, пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялайды, салықтық жеңілдіктер жасайды және жаңа бастамаларға гранттар бөледі. Бұл шаралар экономиканы дамытуға және жұмыс орындарын ашуға көмектеседі. Шымкенттік бизнес өкілі мемлекеттің кәсіпкерлерге жасап отырған жағдайына риза. Үкіметтен қолдау шараларының арқасында ол өз ісін дөңгелетіп, жетістікке жеткен. Жаңа құрылтайдан күтері де мол.


АЯТ АЗИМОВ, GLOBAL COFFEE ЖЕЛІСІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ
Құрылтайдан да сол кәсіпкерлікті қолдайды деп күтеміз. Өйткені осы әр елдің экономикасын тіреп тұрғандар ол кәсіпкерлер. Қазіргі таңда даму жағынан кіші, орта бизнесті қолдап келе жатыр. Субсидиялар бөлінеді. Өздеріңіз білесіздер стандартный ставка кредитования 20 дан асса кәсіпкерлерге ол өте қиын. Ал енді Даму субсидяи бергенде 12,5 дық ставкамен ол уже кәсіпкер көтере алатын нәрсе. Сөйтіп біз кофе жағынан сол өндірісті дамытып келе жатырмыз.  

Бөлісу

Аймақтық телеарналар