ЕҢ ЖАС ОТБАСЫ САЙЛАУДА ТАҢДАУ ЖАСАДЫ
Шымкентте сайлау науқаны кезінде ерекше оқиғалар орын алды. Мәселен, жақында ғана некелескен жастар сайлаушылар ішіндегі ең жас отбасы атанды.
Олар неке қию туралы куәлігін дәл бүгін, яғни Құрылтай сайлауы күні қолдарына алды. Сондай-ақ, саяси науқанда белсенділік танытып, №36 сайлау учаскесінде өз таңдауларын жасады.
АБЫЛАЙХАН МЕН АЛТЫНАЙ, ЖАС ОТБАСЫ
Бүгінгі күн біз үшін қуанышты күн. Себебі біз ең жас отбасы болып сайлауда болдық. Бүгін сайлауға келіп, міне ЗАГС шықты. Осы шыққаннан бірден сайлау учаскесіне келдік.