Негізгі Жаңалықтар МАЙРА МҰХАМЕДҚЫЗЫ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

МАЙРА МҰХАМЕДҚЫЗЫ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Бүгін Құрылтай сайлауында танымал опера әншісі, Қазақстанның Халық әртісі Майра Мұхамедқызы өз таңдауын жасады. Өнер иесі қаладағы №11 сайлау учаскесінде дауыс берді. Оның айтуынша, маңызды саяси науқанға қатысу – әр адамның азаматтық борышы.


Құрылтай сайлауына елге белгілі өнер қайраткерлері де белсенді қатысуда. Солардың бірі – Қазақстанның Халық әртісі, танымал опера әншісі Майра Мұхамедқызы. Өнер иесі дауыс беру учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Ол ел өміріндегі мұндай маңызды сәтте халықтың бірлігі мен азаматтық белсенділігі айрықша мәнге ие екенін айтады.


МАЙРА МҰХАМЕДҚЫЗЫ, ҚАЛАЛЫҚ ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТ ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Бүгін қазақ еліндегі үлкен тарихи сәт деп айтуға болады.Еліміздің азаматтары үшін де бұл маңызды кезең деп ойлаймын.Ел ертеңін ойлайтын кез-келген адам өз дауысын беріп, саяси науқанға атсалысуы керек.Мен де бүгін өз таңдауымды жасадым.


 №11 сайлау учаскесінде 2253 сайлаушы тіркелген. Қалалық опера және балет театрының әртістері дауыс берушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, әсем әуен шырқады. Келушілер елге белгілі әншімен естелік суретке түсіп, қолтаңба алды.


 САБИРА ДӘУЛЕТАЛИЕВА, №11 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
 Бұл сайлау учаскесіне 2253 адам тіркелген.Бұл жерде барлық жұмыс талапқа сай ұйымдастырылған.Мүгедектігі бар адамдар да келіп, сайлау учаскесінде дауыс бере алады.


Қаладағы сайлау учаскелері таңғы сағат 07:00-ден бастап жұмыс істеп тұр. Ал Шымкентте 713 мыңнан астам сайлаушы тіркелген.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар