Негізгі Жаңалықтар «ОРДАБАСЫ» ОЙЫНШЫЛАРЫ САЯСИ НАУҚАНҒА БЕЛСЕНДІ АРАЛАСТЫ

«ОРДАБАСЫ» ОЙЫНШЫЛАРЫ САЯСИ НАУҚАНҒА БЕЛСЕНДІ АРАЛАСТЫ

Саяси додада спортшылар да белсенділік танытуда. Олар өздері тіркелген Қажымұқан атындағы орталық стадионда орналасқан №90 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. «Ордабасы» футбол командасының дауыс беруі салтанатты шараға ұласты.

 Биыл «Ордабасы» футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасында жоғары нәтижесімен қуантты. Қазіргі таңда турнирлік кестеде бірінші орында келеді. Шымкенттік клуб 22 турдан кейін 52 ұпай жинап, чемпиондық жолындағы күресін жалғастыруда. Спорттағы жеңіс – алаңдағы жігер мен командалық рухтың нәтижесі болса, ел болашағына қатысты таңдау – әр азаматтың жауапкершілігі.

ШАЙЗАДА БЕКХАН, ФУТБОЛШЫ
Біз, «Ордабасы» футбол командасы, өз таңдауымызды жасап, азаматтық борышымызды өтедік. Барша қазақстандықтарды өз таңдауын жасауға шақырамыз. Бұл – еліміз үшін өте маңызды.

«Ордабасы» ойыншылары спорттағы белсенділігін азаматтық ұстанымымен сабақтастырып, ел келешегіне бейжай қарамайтынын көрсетті. Бұл учаскеге тіркелген сайлаушылардың қатарында спортшылар да бар, – дейді учаске төрағасы.

 БАҚЫТКҮЛ НӘЛІБАЕВА, №90 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Біздің негізгі сайлаушыларымыз – Спорт мөлтек ауданының тұрғындары. Сонымен қатар стадиондағы спортшылар да бар. Өздеріңіз көргендей, спортшылар да белсенділік танытуда.

№90 сайлау учаскесіне 2 619 адам тіркелген. Саяси науқанда тұрғындар белсенділік танытуда. Бүгін түске дейін 300-ден астам сайлаушы өз таңдауын жасаған.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар