ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ –ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ ЕЛЕУЛІ ОҚИҒА
Бүгін елдегі саяси науқанға спортшылар да белсене атсалысып жатыр.Байдарка мен каноэде есуден Азия чемпионатының жеңімпазы Тимофей Емельянов №13 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.
Спортшының айтуынша, құрылтай – ел тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі.Сондықтан мұндай маңызды шешім қабылдауда халықтың қосар үні де ерекше.Әр азамат жауапкершілікті түсініп, белсенділік танытуы керек,-дейді ол.
ТИМОФЕЙ ЕМЕЛЬЯНОВ, АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Бүгін – еліміз үшін маңызды тарихи күн. Қазақстан тарихында алғаш рет өтіп жатқан Құрылтай сайлауына әр азамат белсенді қатысып, өз таңдауын жасауы керек деп ойлаймын. Елдің болашағына қатысты маңызды мәселелерге бейжай қарамай, азаматтық ұстанымымызды білдіру – баршамызға ортақ жауапкершілік