Негізгі Жаңалықтар САЙЛАУҒА – СПОРТТЫҚ СЕРПІН

САЙЛАУҒА – СПОРТТЫҚ СЕРПІН

Шымкентте сайлау учаскелері мерекелік алаңға айналды. Мегаполисте сайлауға келген тұрғындардың көңіл-күйін көтеріп, белсенділігін арттыру үшін ауқымды мәдени және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бірқатар сайлау учаскелерінде ұлттық ойындар мен спорт түрлерінен тартысты сайыстар өтіп жатыр.


Турнирлерге тұрғындар белсене қатысып, асық ату, ләңгі тебу және шахматтан бақ сынады. Мұндай бастамалар сайлау күніне ерекше көңіл-күй сыйлап, қала тұрғындарының ауызбіршілігін арттыра түсті.


 Осылайша, №130 сайлау учаскесіне дауыс беруге келген тұрғындар ұлттық ойындарға қатысып, бой сергітті. Асық атуға ерлермен қатар нәзік жандылар да белсенділік танытты.


МАХАН ТӨРЕХАНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
 Бүгін №130 сайлау учаскесіне келдік. Келсем, спорт басқармасынан үйірме жұмыстары ұйымдастырылып жатыр екен. Асық аттым, ләңгі тептім. Асық атудан жүлделі орын алдым. Жақсы өтті, ұйымдастырғандарына рақмет.


 Мегаполистегі 300-ден астам сайлау учаскесінде таңғы сағат 9:00-ден бастап ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылды. Оған барлық спорт мектептері атсалысуда. Белсенді қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.


ЖАСҰЛАН СЕМБЕКОВ, ҚАЛАЛЫҚ №13 ОЙЫН ТҮРЛЕРІНЕН БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІ КММ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бүгін қаламыздағы барлық сайлау учаскелерінде арқан тарту, гір көтеру, асық ату, ләңгі тебу сияқты ұлттық спорт түрлерінен іс-шаралар өткізіліп жатыр. Қала тұрғындарын өз таңдауын жасап, спорттық шараларға қатысуға шақырамыз.


Айта кетсек, №130 сайлау учаскесіне 1 697 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде ерекше күтімді қажет ететін үш азамат бар. Солардың біреуінен үйде дауыс беруге өтініш түскен.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар