Негізгі Жаңалықтар ЖАСТАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ АЗАМАТТЫҚ ҚАДАМЫ

ЖАСТАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ АЗАМАТТЫҚ ҚАДАМЫ

Бүгінгі тарихи саяси науқанға ел азаматтары белсенді қатысып, өз таңдауын жасап, мемлекет болашағына қатысты азаматтық ұстанымын білдіруде. Шымкент жастары да маңызды саяси үдеріске белсене араласып жатыр. Әсіресе алғаш рет дауыс беру құқығына ие болғандар үшін бүгінгі күннің орны бөлек. Олар алғашқы азаматтық таңдауын жасап, елдің қоғамдық-саяси өміріне араласудың жаңа кезеңіне қадам басты.

Мейіржан Қожамқұл №228 сайлау учаскесінде алғаш рет дауыс берді. Ол биыл маусым айында 18 жасқа толған. Бүгін өмірінде алғаш рет сайлауға қатысып, өзінің конституциялық құқығын пайдаланып отыр. Ол үшін бұл – азаматтық өміріндегі маңызды әрі есте қаларлық күн. Себебі алғаш рет дауыс беру арқылы жас азамат ел тағдырына қатысты өз пікірін білдіріп, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінді.

МЕЙІРЖАН ҚОЖАМҚҰЛ, АЛҒАШ ДАУЫС БЕРУШІ
Өзім Қазақстан Республикасына өз үлесімді қостым деп есептеймін. Жақсы сезімдемін. Сайлау жақсы өтіп жатыр.

№228 сайлау учаскесінде азаматтық белсенділік жоғары. Тұрғындар өз таңдауын жасап, ел болашағы үшін дауыс беруде. Учаскеге келушілер арасында жастар да, аға буын өкілдері де бар. Дауыс беру үдерісінің ашықтығын бақылаушылар мен комиссия мүшелері қадағалап отыр. Мұнда шетелдік бақылаушылар да келіп, сайлау барысымен танысты.

 АНАР ЖАППАРҚҰЛОВА, №228 САЙЛАУ УЧАСКЕЛІК КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
 Бақылаушыларымыз отыр. Әртүрлі қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың өкілдері бар. «Ғаламат», «Бәйтерек», «Дауыс», «Жастар үні» қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері бақылап отыр. Таңнан бастап бізбен бірге жұмыс істеп жатыр. ЕҚЫҰ-дан арнайы бақылаушылар келді. Армениядан, Ресейден, ТМД елдерінен 7-8 адам келіп, жұмысымызбен танысып кетті. Сұрақтарын қойып жатыр.

Айта кетейік, №228 сайлау учаскесі Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында орналасқан. Мұнда 2 588 адам тіркелген.



Бөлісу

Аймақтық телеарналар