ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР 104 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
Шымкенттік спортшылар республикалық жарыста 104 медаль жеңіп алып, командалық есепте көш бастады. Алматы қаласында джиу-джитсудан өткен ауқымды турнирге 60 команда қатысты. Шымкенттік спортшылар қарсыластарына дес бермей, жоғары нәтиже көрсетті.
Алматыда өткен жарыста шымкенттік спортшылар 26 алтын, 36 күміс және 39 қола медаль еншілеген. Екі күнге созылған сайыста спортшылар джиу-джитсу мен грэпплингтен бақ сынады. Қос спорт түріне қатар қатысып, екі алтын медаль жеңіп алғандар да бар. Солардың бірі – Нұрлан Ержан.
ИЛЬНҰР ІЛИЯСҰЛЫ, СПОРТШЫ
– «Қарсыласым мықты болды, бірінші орын алдым.» «Мен әлем чемпионы болғым келеді.»
НҰРЛАН ЕРЖАН, СПОРТШЫ
– «Мен Алматыдағы жарыста екі алтын алдым. Қарсыластар өте қиын болды. Бес адамды ұтып, екі алтын алдым.»
Ата-аналардың қуанышында шек жоқ. Гүлім Қонысбекова сегіз жастағы немересі Ильнұрды осыдан бір жыл бұрын джиу-джитсу үйірмесіне берген. Осы уақыт аралығында жас спортшы 10-нан астам жарысқа қатысып, 12 медаль жеңіп алған. Немересінің жетістігіне қуанып жүрген әже спорттың бала денсаулығына да, тәрбиесіне де пайдасы мол екенін айтады.
ГҮЛІМ ҚОНЫСБЕКОВА, АТА-АНА
– «Осы спортқа келгелі немеремнің денсаулығы жақсарды. Бойы өсті.»
Чемпиондар Advance Jiu Jitsu Academy-де жаттығады. 2017 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан академиядан жасөспірімдер арасында 20-ға жуық әлем чемпионы шыққан. Сондай-ақ 10 Азия чемпионы, 5 Еуропа чемпионы және 2 ел чемпионы осы жерден түлеп шыққан. Қазір спортшылар қараша айында Абу-Даби қаласында өтетін әлем чемпионатына дайындалып жатыр.
ЖАҚСЫЛЫҚ САДЫҚОВ, ADVANCE JIU JITSU ACADEMY БАС БАПКЕРІ
– «Джиу-джитсу — қарқынды дамып келе жатқан спорт түрі.»
Бапкердің айтуынша, джиу-джитсудың берер пайдасы мол. Спорттың бұл түрі жасөспірімдерді тек физикалық тұрғыдан ғана емес, психологиялық жағынан да шыңдайды.