Негізгі Жаңалықтар АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК

АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Сайрам ауданында кезекті рет тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. «Қарасу» бұлағы жағалауында өткен сенбілікке 300-ден астам адам атсалысты. Олар көшені күл-қоқыстан тазартып, айналаны ретке келтірді.


Ауқымды экологиялық акция ауданда апта сайын ұйымдастырылады. Кезекті рет өткен іс-шарада қатысушылар көл жағалауын ретсіз қоқыстардан тазартып, қураған ағаштардың бұталарын кесті. Қарасу бұлағының бойындағы аллея мен көпірді сырлап, ретке келтірді.


МАДИЯР ОРАЗАЛИЕВ, САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Қазір Үшқорған бұлағының көзін ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр мұнда. Бұлақ қараусыз қалып кеткен, қазір енді көзін ашып, аудан тұрғындарымен бірге абаттандыру жұмысын атқарып жатырмыз.Демеушілер есебінен балаларға ойын алаңшасын салып береміз.Халық келіп, түрлі спорттық шарамен айналыса алады.


Бұл күні ауданның барлық елді мекендерінде сенбілік ұйымдастырылып, 75,2 шақырым көше бойы мен 32,6 шақырым аяқжол тазартылды. Бұдан бөлек 6 саябақ пен 7 аллеяның аумағы абаттандырылып, 24 мың тонна қоқыс шығарылды.


СИҚЫМБАЙ САҒЫНДЫҚОВ, САЙРАМ АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Осы күнге дейін бірнеше сенбілік өткіздік. Айналаны күл-қоқыстан тазартып, экологиялық акцияға белсене атсалысып жатырмыз. Тазалыққа үлес қосу кез-келген адамның міндеті деп ойлаймын.


 Сенбілікке 27 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, тазалық жұмыстарына белсенділік танытып, атсалысқан бірқатар қызметкерлер аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Әкімдік өкілдері ауқымды акция алдағы уақытта да жалғасатынын айтады.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар