ШЫМКЕНТТЕ 538145 АДАМ ДАУЫС БЕРДІ
Шымкентте Құрылтай сайлауында 538145 адам дауыс берді. Саяси науқан барысында шаһарда 371 сайлау комиссиясы жұмыс істеді.
Ал дауыс беру барысын 1000-ға жуық отандық және 17 шетелдік байқаушы жіті бақылауда ұстады. Қала бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы саны 793 мыңнан асады. Оның 75,43 пайызы саяси науқанға қатысты. Сайлау кезінде заңбұзушылық орын алған жоқ. Қала тұрғындары белгіленген талапқа сай өз таңдауларын жасап, дауыс берді.
ҚАЙЫРБЕК ҚҰНАНБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Еліміздің тарихында алғаш рет өткен Құрылтай сайлауында қала тұрғындары белсенділік танытты. Азаматтарға дауыс беру үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалды. Қалада 1000-ға жуық байқаушы болды. Оның ішінде, 17-і шетелдік азаматтар. Сағат 20:00-дегі алдын ала мәлімет бойынша қалада 538 145 адам дауыс берді. Бұл - сайлаушылардың 75,42 пайызы. Толық қорытынды нәтиже сәл кейінірек жарияланады. Сайлау барысында тәртіп бұзу жағдайлары тіркелген жоқ.