МЕДИА АЛАҢ: ТІКЕЛЕЙ ЭФИР ТЫНЫСЫ
Кеше елімізде маңызды саяси оқиға Құрылтай сайлауы аяқталды. Тарихи науқан барысында «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы 16 сағат бойы арнайы жалпыұлттық онлайн марафон өткізді. Марафонға «OŃTÚSTIK» телеарнасы да белсене қатысты. Әріптестерім медажобада тікелей эфирге шығып, үшінші мегаполистің тыныс-тіршілігін және сайлау процесін телекөрерменге жеткізіп отырды.
Жалпыұлттық онлайн-марафон таңғы 9-дан басталды. Тікелей эфир Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан жүргізілді. Марафон барысында еліміздегі және шетелдегі сайлау барысы, қоғамдағы өзекті мәселелер мен маңызды реформалар талқыланды. Онлайн марафонның ерекшелігі эфир бір сәтке де тоқтамайды.
ДАНИЯР ҚАЙЫРТАЙ, ТІЛШІ
Бұл 16 сағаттық марафон болғандықтан кез келген эфирден тыс жағдайлар болып қалуы мүмкін. Сол сәттерде біз кез келген форс мажорға дайын болуымыз керек қой.
16 сағатқа созыған ауқымды медиажобада «OŃTÚSTIK» телеарнасының түсірілім тобы тікелей эфирге қосылып, аймақтардағы соңғы жаңалықтарды оқиға орнынан үздіксіз жеткізіп отырды. Өңірлік медиа ұжым Астанамен тікелей байланысқа 3 мәрте шығып, шымшаһардың тыныс-тіршілігін көрсетіп, әр саланың көшін бастап жүрген азаматтармен сұхбат құрды.
ТАЛҒАТ ИСХАХОВ, КӘСІПКЕР
Бүгін мен өз таңдауымды жасадым. Бүгін мереке, адам қарасы көп. Өйткені Шымкент дамып жатыр. Керемет қазір өндірістерде көбейіп, саябақ, гүлзарлар көптеп ашылып жатыр.
ЖАСМИН АСҚАРҚЫЗЫ, ЕРІКТІ
Жалпы біздің жастар өте беленді. Бәріне қызығады. Саяси науқандардан қалмай қатысады. Жастардлың өздерінің ұйымдары бар. Олар өздерінің мәлелелерін жергілікті билікке жеткізе алады. Жастар кеңесі бар. Осылай жастар белсенділілігн танытып жүр
Жалпыұлттық онлайн-марафон түнгі 00:30-ға дейін жалғасты. Медиа алаңда сарапшылар ел болашағы үшін маңызды саяси реформалар мен Құрылтайдың мән-мағынасын кеңінен талқылады. Ұлттық арнаның ұйытқы болуымен сәтті аяқталған жалпыұлттық марафон командалық жұмыстың нәтижесі.