Негізгі Жаңалықтар ЭЛЕКТРОНДЫ САУДА НАРЫҒЫ 3,7 ТРИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ

ЭЛЕКТРОНДЫ САУДА НАРЫҒЫ 3,7 ТРИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ

Қазақстанда электронды сауда секторы ел экономикасының маңызды саласына айналды. Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, соңғы үш жыл ішінде онлайн-сауда нарығы 50%-ға өсіп, 3,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Нәтижесінде бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі электронды сауданың үлесі 14,3%-ға артты.


 Бұл саладағы негізгі қозғаушы күш – маркетплейстер. Танымал платформалар кәсіпкерлерге бүкіл ел бойынша миллиондаған клиентке тікелей шығуға жол ашты. Сатылымның негізгі үлесін гаджеттер, киім-кешек пен спорт тауарлары ,тұрмыстық техника мен азық-түлік құрайды. Тұтынушының тауарларын жылдам жеткізу үшін Астана, Алматы, Қарағанды және Ақтөбе қалаларында 5 жаңа Dark Store жобасы іске қосылып, ел аумағында 2 300 жаңа постамат орнатылды.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар