Негізгі Жаңалықтар КОЛЛЕДЖ ҰСТАЗДАРЫ ТАМЫЗ КЕҢЕСІНДЕ БАС ҚОСТЫ

КОЛЛЕДЖ ҰСТАЗДАРЫ ТАМЫЗ КЕҢЕСІНДЕ БАС ҚОСТЫ

Жаңа оқу жылына жаңа міндеттермен! Шымкенттегі колледж ұстаздары дәстүрлі Тамыз кеңесінде бас қосты. Биыл педагогтерді жасанды интеллект, цифрлық сауаттылық, дуалды оқыту және білім саласындағы заңнамалық өзгерістер күтіп тұр. Жиында осы бағыттар талқыланып, алдағы оқу жылына басымдықтар айқындалды.


Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында өтетін Тамыз кеңесі бұл жолы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің педагогтеріне арналды. Колледж басшылары мен ұстаздары, кәсіпкерлер және құқық қорғау органдарының өкілдері «Адами капиталды дамыту, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің стратегиялық маңызы» тақырыбында ой бөлісті.


 АЙГҮЛ РҮСТЕМОВА, БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
 Кәсіптік білім болғаннан кейін біз арнайы өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдерін де шақырдық. Дуалды оқыту жүйесін жүзеге асыру тақырыбында мәселелер талқыланатын болады. Колледжде жастар білім алатын болғандықтан, олардың қоғамға бейімделуі, жұмыспен қамтылуы, тәртібі…


 Кеңесте жасанды интеллект пен цифрлық сауаттылықтан бастап, «Адал азамат» тұжырымдамасы мен тәрбие жұмысына дейінгі маңызды бағыттар қамтылды. Дуалды оқыту жүйесін жетілдіру, педагогтердің кәсіби дамуы және заманауи оқыту әдістерін енгізу мәселелері де назардан тыс қалмады. Ұстаздардың біліктілігін арттырумен қатар, студенттердің өз мамандығына қызығушылығын күшейтіп, белсенділігін арттырудың маңызы айтылды.


АЙНҰР БАЙМАХАНОВА, САЗ КОЛЛЕДЖІНІҢ МУЗЫКАЛЫҚ ЖЕТЕКШІСІ
Сахнаға шыққанына, белсенділік танытқанына жастарымыз өте қуанышты. Өнерлі жастарымыз көп. Саз колледжінде тек ән айтумен шектелмей, аспаптық орындау өнері де бар. Бізде би өнері де бар.


 Жиында 2026–2027 оқу жылындағы негізгі міндеттер айқындалды. Педагогтер нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістермен танысты. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына енгізілген жаңалықтар түсіндірілді. Айта кетейік, биылдан бастап «Жаһандық құзыреттілік» пәнінің мазмұны «Заң және тәртіп» қағидатымен сабақтастырылады. Яғни жаңа оқу жылы колледждер үшін жаңа талаптар мен жаңа мүмкіндіктер кезеңі болмақ.




Бөлісу

Аймақтық телеарналар