«АДАЛ АЗАМАТ» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖАЛҒАСАДЫ
Жаңа оқу жылынан бастап Қазақстандағы барлық білім беру ұйымдарында «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы жалғасады.Бұл жоба Мемлекет басшысының «Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» идеологиясы аясында әзірленіп, Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен жүзеге асуда.
Бағдарлама аясында білім беру ұйымдарында тақырыптық апталықтар мен арнайы іс-шаралар өткізіледі. Бұл жұмыстар тиісті құзырлы органдармен әрі қоғам белсенділерімен бірлесе отырып жүзеге асады. Сонымен қатар, білім беру мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылмақ. Буллингтің, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық жобалар жалғасын табады.