Негізгі Жаңалықтар «АУЫЛ АМАНАТЫ»: КӘСІП БАСТАУҒА ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ

«АУЫЛ АМАНАТЫ»: КӘСІП БАСТАУҒА ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ

Қазақстанда ауыл тұрғындарының табысын арттырып, кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Бағдарлама азаматтарға 2,5% пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген микрокредит береді. Бұл қаражатқа тұрғындар жаңа кәсіп ашып, шаруашылығын кеңейте алады. Сондай-ақ кооперативтерге бірігіп, өз ауылында жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік бар.


Несие ауыл шаруашылығына қатысы жоқ жобаларға 5 жылға дейін, ал ауыл шаруашылығы және өнімді қайта өңдеу саласындағы жобаларға 7 жылға дейін беріледі. Жеке бастамалар үшін ең жоғары несие сомасы 10,8 млн теңгені құрайды. Ал ауыл шаруашылығы кооперативтері мен қайта өңдеу жобаларына 34,6 млн теңгеге дейін қаражат беріледі. Бұдан бөлек, кәсіпкерлерге 2,5 пайыздық мөлшерлемемен 7 жылға дейін жеңілдетілген лизинг ұсынылады. Оның көмегімен шаруалар техника мен жабдықтарын жаңартып, өндіріс пен өнімді қайта өңдеу көлемін арттыра алады.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар